1777

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі бойынша пәтерлер жыл соңына дейін астаналықтарға тапсырылады

Баспана мәселесі қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі. Астаналықтар тұрғын үй мәселелеріне қатысты сұрақтарын БАҚ-қа жолдап отырады. Соның ішінде 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысты мәселе де көтерілген болатын. 

Тұрғын үй комиссиясының отырысында 2008-2010 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша Н.Тілендиев даңғылының оңтүстігінде орналасқан тұрғын үйдегі пәтерлер үлестірілді. Енді мемлекеттік бағдарламаның бірінші және екінші кезеңі бойынша тұрғын үй комиссиясының оң қорытындысын алған пәтер иелері қоныс тойын тойламақ. 

Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінде Астанада жалпы ауданы 261,5 мың шаршы метрлік 5 674 пәтердің құрылысы аяқталды.

Астана қаласының Құрылыс басқармасы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Ербол Байсаматов astana.kz сайтына хабарлағандай, 2008-2010 жж арналған мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңі бойынша пәтерлер жыл соңына дейін дайын болады. Тұрғын үй кешендері Сарайшық көшесінің оңтүстігінде, М. Жұмабаев даңғылының шығысында, Н. Тілендиев даңғылының оңтүстігінде, Сарыбұлақтың бойында салынып жатыр. 

«Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ержас Айтуғановтың айтуынша, мердігерлердің жауапсыздығынан нысандарды уақытылы пайдалануға беру мүмкін болмады. Ведомство басшысы мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңі бойынша баспана құрылысының тоқтап қалуына кінәлі мердігер компанияларды атап шықты. Сарайшық көшесінің оңтүстігінде және М. Жұмабаев даңғылында орналасқан тұрғын үй кешендері бойынша «Нұрдиалог» және «ЖанСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымдарымен келісімшарттар бұзылды. 26 қыркүйекте кезекті лот өткізіліп, аталған нысандардың құрылысын аяқтайтын компаниялар анықталмақ. 

Сонымен қатар, тұрғын үйлердің уақтылы тапсырылмауына осы аудандағы инженерлік желілердегі ақаулықтар себеп болған. Қазіргі уақытта коммуналдық шаруашылық басқармасы барлық мәселелерді шешті.

Оның үстіне шаршы метрдің бағасының төмен болуы да баспана құрылысына өз әсерін тигізді. Қалалық мәслихаттың шешімімен аталған нысандарға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. 

Жыл соңына дейін жалпы ауданы 151,6 мың шаршы метрлік 2510 пәтер пайдалануға беріліп, мемлекеттік бағдарлама толық жүзеге асырылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109