2000

Бүгін Астанада тұрғын үй сатып алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау аяқталады

Бүгін Астанада Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі (ҚТҚЖБ) желісі бойынша пәтер сатып алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау аяқталады. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚТҚЖБ желісі бойынша Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысында көппәтерлі тұрғын үй салынды. 

Бағдарламаға қатысушылар 12 қыркүйектен 1 қазанға дейін сатып алушылар пулы мен тұрғын үйді жалға алушылардың төлем қабілеттілігіне қайта бағалау жүргізу үшін банкке құжаттарын өткізуге тиіс болатын. 

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларының тізімін аптасына бір рет Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына жолдап отырады. Аталған ведомство сатып алу-сату келісімін жасап, оны Астана қаласының Әділет департаментінде тіркеу үшін төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларын шақырады. Келісімдер Әділет департаментінде тіркелген соң несиелеу процедурасынан өткізу үшін банкке жіберіледі. 

Еске салайық, 2014 жылы Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы қолға алынды. Оны 2015 жылы аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған мына тұрғын үйлерді биыл тапсыру көзделген: Сауран және №24 көшелердің қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені, Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені, Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшелерінің арасында Айнакөл көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені (лот 1), Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшелерінің арасында Айнакөл көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені (лот 2), Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшелерінің арасында Айнакөл көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені (лот 3).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109