1484

2015 жылы ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында Астанада 31 тұрғын үй жөнделеді

Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорданы жылумен және электр энергиясымен қамтитын кәсіпорындарды аралап, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысушы тұрғын үйлердің бірінде болды. 

Қазіргі кезде үйдің төбесі, қасбеті, кіреберістері мен жертөлелері күрделі жөндеуден өткізіліп, инженерлік желілері ауыстырылды. Нәтижесінде, тұрғын үйдің келбеті түбегейлі өзгеріп, кіреберістерінің жағдайы жақсарды, ал инженерлік желілері ұзақ уақыт бойы тұрғындарға су мен жылуды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.

«ТКШ жаңғырту бағдарламасының қолға алынғаны дұрыс, адамдар оның тиімді әрі ыңғайлы екенін түсінеді», - деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов. 

Қазіргі уақытта ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде елордада 20 көппәтері тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Соның ішінде 12 үй Алматы ауданында, 8-і Сарыарқа ауданында орналасқан. Жалпы, пәтерлер саны 1 713 құрайды. 

Келесі жылы Бағдарлама аясында күрделі жөндеу жүргізуге (республикалық бюджет есебінен) 31 тұрғын үй өтінім берген. Ал жекелеген жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша (қайтарылған ақшаға) 21 өтінім келіп түскен. Негізінен, 10 тұрғын үйдің лифтісі ауыстырылып, 11 үйдің төбесі жөнделмек. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109