2330

«Қолжетімді тұрғын үй- 2020» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үй тапсырылды

Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысында тағы да бір үй салынды. Тоғыз қабатты 4 кіреберісі бар жаңа тұрғын үйде 198 пәтер бар. Учаскенің бастығы Байкенов Еріктің айтуынша, адамдар бір аптадан кейін қоныстанады.

«Үйдің құрылысы екі жыл бұрын басталды. Орта есеппен бір бөлмелі пәтердің ауданы 35 шаршы м, төрт бөлмелілер - 70 шаршы м жуық. Пәтерлер таза әрленген күйде тапсырылады, енді жарық тарту ғана қалды. Содан кейін жылу қосылады да тұрғындар өз пәтерлеріне қоныстана бастайды», - деді Байкенов.

Жаңа үйде 74 бір бөлмелі, 88 екі бөлмелі, 20 үш бөлмелі және 16 төрт бөлмелі пәтер болады. Бүгінгі таңда үйдің құжаттары дайындалу үстінде. Баспана сатып алушылар мен жалға алушылар пулының қатысушылары төлем қабілеттігін қайта растау үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне құжаттар тапсыру аяқталды. Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы банктен төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларының тізімін алғаннан кейін оларды сатып алу-сату келісімін жасау үшін шақырады.

Айта кетейік, биыл жазда Айнакөл көшесінде (Жұмабаев пен Қордай көшелерінің арасында) орналасқан тағы да бір көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар, 2014 жылы Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы басталып, оны 2015 жылы аяқтау жоспарланған.

Жыл басынан бері Тұрғын үй басқармасы мемлекеттік бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша жалпы ауданы 84,17 мың шаршы метрді құрайтын 1581 пәтерлік жеті тұрғын үй пайдалануға берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109