1967

Елордада 1 574 отбасы биыл баспаналы болады

Елімізде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты  азаматтарды баспанамен қамту. Астана қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде бағдарлама аясында жалпы ауданы 130 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пәтерлік сегіз тұрғын үй салынып жатыр. 

Алдағы екі айда бес тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған. Осылайша, 1 574 отбасы жыл соңына дейін қоныс тойын тойлайды. Мына бағыттар бойынша бағдарламаға қатысқан азаматтар баспаналы болады:

- «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша  жалпы ауданы 25, 2 мың шаршы м құрайтын 472 пәтерлік Сауран және №24 көшелерінің қиылысында және Айнакөл көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендері;

- «Жас отбасыларға арналған отбасы» бағыты бойынша  жалпы ауданы 38,3 мың шаршы метрді құрайтын 672 пәтер. Тұрғын үй кешендері Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзенінің бойында және Сарайшық көшесінің оңтүстігінде орналасқан; 

- «Кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша  жалпы ауданы 17,1 мың шаршы метрді құрайтын 430 пәтер. Бағдарламаға қатысушылардың осы санатына арналған тұрғын үй кешендері Сарайшық көшесінің және Тілендиев даңғылының оңтүстігінде, Сарыбұлақ өзенінің бойынан орын тепкен.  

1097 пәтерге арналған қалған үш тұрғын үй кешенін 2015 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Олар Брусиловский, Иманов, Жұбанов көшелерінің аумағында және Тілендиев даңғылының оңтүстігінде орналасады. 

Жалпы бағдарламаны іске асыру аясында 2013-2020 жылдары 63 млн шаршы метрге жуық жаңа баспана тапсырылмақ, соның есебінен 1 миллионға жуық қазақстандық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109