3380

Астана әкімдігінің мәжілісінде елорданың тыныс-тіршілігіндегі өзекті мәселелер қаралды

Апта сайын өтетін аппарат жиынында Әсет Исекешев қаланы дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін қарастырды, оның ішінде үлестік құрылыс, қауіпсіздік, жылу маусымына дайындық, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Ағымдағы үлестік құрылыстың жағдайы туралы әкім өзінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның баяндамасын тыңдады. Ол «Шығыс» ТК құрылысын (1а, 1в, 2а, 2в блогы) аяқтау туралы және 4-ші полигон (1-ші кезек) жобасының келісімшарты дайын екендігін, таяу арада «Елорда құрылыс» ЖШС бақылау кеңесінің қарауына оң қорытынды алу үшін жіберілгенін айтты. 

Ал оперативтік жағдай туралы ІІД басшысының орынбасары Марат Төлебаев қалада қауіпсіздік деңгейі жоғарылатылғанын айта кетті. «Жасөспірім» жедел профилактикалық шарасын өткізудің нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалынатын қылмыс саны азайған. Сонымен бірге, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені аптасына 19,5 мың құқық бұзушылықты белгілеген, оның 19 185 өңделді. 

Қаладағы аппараттық-бағдарламалық кешеннің фотобейнетіркеу мен бейнеталдаудың жұмысы туралы инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының басшысы Әлішер Абдықадыров айтып берді. Оның сөзінше, «Сергек» камерасын енгізу қалалық ортада жол-көлік апатын төмендетуге сеп болған. Айталық, жыл басынан бері 12 194 ЖКО тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% аз. 

Жылу маусымына дайындық пен қатты отынды іске асыру бойынша отын-энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов баяндады. Ол жылу маусымына дайындықтың кестеге сай жүріп жатқандығын хабарлады. Сондай-ақ көмірді сатудың жоспарға сай екендігін, халық арасында айқай-шудың жоқтығын жеткізді. Осыған байланысты әкім осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, көмірдің бағасы шарықтап кетпеуін тапсырды. 

Бұдан басқа, Әсет Исекешев көше шамдарының кеш жанатыны туралы ескерту жасады. Оның айтуынша көше шамдары белгіленген уақытта емес, қараңғы түсе салысымен іске қосылуы керек. Әкім бұған да тапсырма беріп, көшелерді жарықтандырудың кестесін қайта қарауды және қажеттілік болған жағдайда іске қосу керектігін қадап айтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109