1849

Тұрғындар өз үйлерін ТКШ жаңғырту бағдарламасына ұсына алады

Тұрғындар өз үйлерін 2011-2020 жж арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасына ұсына алады. Қазіргі кезде 2015 жылға арналған бағдарламаға қатысушылардың тізімі жасалуда. 

Бүгінгі таңда Астанада 31 тұрғын үй жалпы кондоминиум мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тізіміне енгізілді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасынан хабарлады. 

Бағдарлама шартына сәйкес, ағымдағы немесе күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің тұрғындары бағдарламаға қайтарымдық негізде бюджеттік қаржы есебінен қатыса алады. Бұл үшін:

1) тұрғын үй кондоминиумы нысанын әділет органдарында тіркеу керек; 

2) осы тұрғын үйдің кондоминиум нысанын басқару органын таңдау керек (ПИК, басқарушы компания және т.б.);

3) пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіп, бағдарламаға қатысу үшін тұрғындардың кем дегенде 66,7% келісімін алу қажет. 

Пәтер иелері кейінгі іс-қимылдар туралы қалалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасынан (Желтоқсан к-сі, 43, 204 кабинет) немесе 31-52-33 телефоны бойынша біле алады.

Бағдарлама аяясында тұрмысы төмен отабсыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтуге шығындарды төлеу үшін көмек көрсетіледі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109