2366

Астанада «Самұрық-Қазына» ЖМҚ» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдануда

Бүгін «Жастар» сарайында «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды. Нақ осы бағыт бойынша Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтар баспана алуға құқылы.  

Қала тұрғындары ресми таратылған ақпаратты дұрыс түсінбей, босқа дүрліккен. Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Асхат Елеужанов бәрін түсіндірген соң жағдай тұрақтанды. 

«Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жарияланды, интернет-ресурстардан, теледидардан құжаттарды қабылдау 13-25 қазан аралығында жүргізілетіні айтылды. Құжаттарды тек кезекте тұрған азаматтар ғана тапсыруға тиіс. Хабардың адамнан адамға тез тарайтынын ескерсек, бұл шынайы ақпарат көзі емес. Нәтижесінде құжаттарды тапсыруға баспана алуға кезекте тұрған азаматтар да, кезекке тұрмаған азаматтар да келіп отыр", - деді Елеужанов.

Сонымен қатар, Басқарма басшысы өтініш беру мерзімі пәтерлерді үлестіруге  әсер етпейтінін атап өтті. Бұл баспана алуға мұқтаж азаматтардың кезегі мен өтініш берушінің төлеу қабілеттілігін растауының нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Қазіргі уақытта «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын 4 оператор жүзеге асырады: жергілікті атқару органдары, «Қазақстанның Ипотекалық компаниясы» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және «Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ.

Еске салайық, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтар баспана алуға құқылы.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жататын адамдар (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; көп балалы отбасылар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; толық емес отбасылар) қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау «Жастар» сарайында 13-25 қазан аралығында жүргізіледі. Астана қаласы бойынша «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй» бағыты бойынша қатысу туралы толық ақпаратпен  мына жерде танысуға болады: http://astana.gov.kz/ru/modules/material/6350

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109