Астанада ана мен бала өлімі төмендеуде
Қала әкімі Әсет Исекешев халықпен есептік кездесуін әлеуметтік көрсеткіштер жайынан бастады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Өткен жылы елордада өлім-жітім көрсеткішінің 9% - ға, ана мен бала өлімінің 38 % -ға төмендеуі байқалған.
«Өткен жылы онкологиялық науқастар саны 9,7% - ға азайды, онкологиялық аурудан қайтыс болу көрсеткіші 10% -ға төмендеді. Соңғы бес жылда туберкулезбен ауырғандар саны 28% - ға азайды», - деді әкім.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz