ЭКСПО-2017 көрмесі барша елдің табыс тепе-теңдігі көрсеткішінің өсуіне зор әсерін тигізді
ЭКСПО-2017 көрмесі тек Астана үшін емес жалпы ел үшін орасан зор мультипликативтік тиімділігін көрсетті. Бұл туралы халықпен есептік кездесу барысында қала әкімі Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Өткен жыл қаламыз үшін өте ерекше жыл болды.Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз мол табысқа қол жеткізе алдық, олардың ең бастысы және шын мәнінде көрнекті нәтиже Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің табысты өтуі», - деп атап өтті қала әкімі.
Оның айтуынша, әсіресе осындай ауқымды іс-шаралардың өтуінің арқасында түрлі бағытта елеулі серпіліс жасалды. Көрмеге дайындық кезеңінде көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның үлкен саны пайдалануға берілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz