2070

Астаналықтар «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша 678 пәтерге ие болады

Астанада «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй жобасын іске асыруда.

«Жастар» сарайы ғимаратына жиналған бағдарламаға қатысушылардың алды 2004 жылдан бері үй кезегінде тұрған жандар. Бүгінде саны 32 мыңнан асқан баспана кезегіндегілер үшін бұл жолы «Самрұқ-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қала әкімдігі арқылы бір шаршы метрі 180 мың теңгелік 678 пәтер ұсынуда. Жалға беру үшін – 43, сатуға – 304 екі бөлмелі және жалға беру үшін – 126, сатуға – 205 үш бөлмелі баспаналар дайындалуда.

Асхат Елеужанов, Астана қалалық тұрғын үй басқармасы жетекшісінің орынбасары:

«Іріктеу жергілікті атқару органдары жүргізген баспана алуға мұқтаж азаматтардың тізіміне сәйкес кезек бойынша жүргізіледі».

Әр шаршы метрі сатып алған жағдайда 180 мың теңгені, ал жалға алғанда әр ай сайынғы төлем 95 мың теңгені құрайтын пәтерлер Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған және мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметшілері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын азаматтарға беріледі.

Асхат Елеужанов, Астана қалалық тұрғын үй басқармасы жетекшісінің орынбасары:

«Біз барлық қажетті шараларды жасадық. Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚК орталығы қызметкерлерінің болуын қамтамасыз еттік. Екінші қабатта қажетті анықтамаларды алуға мүмкіндік бар, сонымен қатар баспанаға мұқтаж жандардың жағдайы туралы анықтама алуға болады. Біздің қызметкерлер халыққа бағдарламаның шарттары туралы егжей-тегжейлі баяндап беруде».

Екі аптаға жалғасатын пәтерлерді тарату жұмысының алғашқы күнінде келушілердің саны өте көп. Осы ретте ескере кететін бір жай бұл бағдарламаға ҰОС ардагерлері мен баспанасы апатты жағдайда тұрған азаматтар қатыса алмайды.

Қала тұрғыны:

«Өз атымнан өтініш бергенмін. Бүгін құжаттарымды тапсырып, үй аламын ба деген үмітпен келіп отырмын. Барлық құжаттарды толық әкеліп тапсырсаңыз мүмкіндік бар. Үмітіміз бар, үй аламыз ба деген».

Бағдарламаға қатысты құжаттар тізімін astana.kz сайтынан толықтай алуға болады. Және құжат қабылдау 25 қазанға дейін дүйсенбі-жұма күндері сағат таңғы 9-дан, кешкі 18-ге дейін жалғасады. Сенбі күні қызмет көрсету 9-дан 13-ке дейін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109