Елорда әкімінің есептік кездесуіне 2,4 мыңға жуық тұрғын қатысты
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, елорда әкімінің халық алдындағы есептік кездесуіне 2,4 мыңға жуық адам қатысты.
«Астана» концерт залына 1600 адам, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-не 500 адам, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-не 300 адам келді. 189 адам өз сұрақтарын әкімге ауызша қойды. 55 тұрғын Әсет Исекешевтің жеке қабылдауында болды. Жазбаша түрде әкімге 90 сұрақ келіп түсті. Қала әкімінің орынбасарлары 30 азаматты қабылдады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz