2479

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй» желісі бойынша 2 096 адам құжат тапсырды

Астанада бір апта бұрын «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй» желісі бойынша құжат қабылдау басталған болатын. «Жастар» сарайында жұмыс істейтін қабылдау комиссиялары күн сайын жүздеген адамды қабылдайды. Елордалық Тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, өткен аптада баспана алуға 2 096 азамат құжат тапсырған. 

Шарт бойынша, коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алу үшін жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар ғана құжаттарын тапсыра алады. Бұған дейін Тұрғын үй басқармасы биыл мемлекеттік бағдарламаның осы бағыты бойынша 678 пәтер пайдалануға берілетінін мәлім еткен болатын. Пәтерлерді үлестіру екі бағыт бойынша жүргізіледі:

- сатып алу мүмкіндігімен жалға алу (169 пәтер). Тұрғын үй 15 жыл мерзімге беріледі. Сатып алу кезінде ай сайынғы жалға алу төлемдері пәтердің жалпы құнынан шегеріледі. Бағдарламаның шарттарына сәйкес, адамдар алдымен өздерінің төлеуге қабілеттілігін тексеру керек. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының сайтында арнайы калькулятор жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар арендалық баспана үшін төлей алатын ай сайынғы ең көп төлем сомасын анықтай алады. 

- тікелей сату (509 пәтер).  Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 180 мың теңгені құрайды. 

Бағдарламаға қатысатын азаматтардан құжаттарды қабылдау 25 қазанға дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109