Астанада Мемлекет басшысының мақаласы талқыланып жатыр
Бүгін Орталық қалалық кітапханада қала кітапханашылары қазақ тілінің латынша әліпбиін құрушылардың бірі, көптеген мақалалардың авторы, бағдарламасы Жанат Аймағановпен кездесті.
Өз сөзінде Жанат Аймағанов Мемлекет басшысының жаңа мақаласында қазақ әліпбиін латыншаға ауыстыру барысы туралы айтылатынын жеткізді. Бағдарламалық құжат ел ғалымдарының алдына латын қаріптеріне ауыстырылған қазақ әліпбиін жасау міндетін жүктейді.
«Аймағанов ұсынған әліпби жобасы компьютерлік техниканы пайдалануда ыңғайлы, атап айтқанда, әріптер пернетақтада оңтайлы орналастырылған. Қазақ тілін латыншаға көшіру – өркениеттілікті діттеген жай қадам емес, бұл тұтастай білім саласын қайта құрылымдау. Бұл – оны дамытудың тың тәсілі», - деп атап көрсетті спикер.
«Президент өз сөзінде латыншаға қайта өтудің нақты тарихи дәйектемелерін мысалға келтіреді және «Латын әліпбиіне көшу заманауи технологиялар мен коммуникацияларды ендіру ерекшеліктеріне, және ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім процесімен байланысты», - деді Аймағанов.
Бағдарламалық құжатта қойылған мақсат – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретіндіктен, кітапхана қызметкерлері әліпбиді ауыстыру ұсынысын қолдайды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz