Елорданың мектептерінде Мемлекет басшысының мақаласы талқыланды
Жалпы білім беру мектептерінде Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды. Шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында мектеп директорлары кириллицадан латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, бұл шешімнің өзектілігі туралы баяндады.Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керекектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек», - деп жазды Елбасы өз мақаласында.
Балалар директорларды ұйып тыңдап, қойған сұрақтарына мәнді жауаптар алды. Балалар мен мұғалімдер Президенттің ұсыныстарын бірауыздан қолдады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz