1600

Елорда әкімдігінде Мемлекет басшысының мақаласы талқыланды

Бүгін елорда әкімдігінде Әсет Исекешевтің төрағалығымен қала активі, қалалық мәслихат депутаттары, ведомстволардың басшылары, жастар ұйымдарының және қоғамдық кеңестің өкілдері еліміздегі аса маңызды қоғамдық-саяси оқиға - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады.

«Аталған бағдарламалық құжатта мемлекеттің рухани, мәдени-адамгершілік, білім салаларындағы дамуының маңызды басымдықтары баяндалған. Мемлекет басшысы мәдениетті дамытуға, балаларды ана тіліне оқыту және дәстүрлерді құрметтеп тәрбиелеуге қатысты бірқатар бастама ұсынды. Елорданы дамыту тұрғысында мұның мәні зор. Қала тұрғындарының мәдени, адамгершілік, рухани дамуы. Осы бастамаларды тәжірибе жүзінде іске асыру бойынша пікір алмасу қажет деп ойлаймын», - деп атап көрсетті әкім кездесуге жиналғандарға.

Қала әкімі Елбасы атап көрсеткен бағдарламалық жобалардың елорданы дамытудағы маңыздылығын айрықша атады, нақтылайтын болсақ, «Туған жер», Қазақстанның рухани дамуы, латын әліпбиіне ауысу, жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық. 2016 жылы Астанада ересектердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 82% құрады, ал 2009 жылы 62% деңгейінде болған, яғни, меңгеру деңгейі 20%-ға көтерілген. Ағылшын тілін білетін ересектердің үлесі 25%, ал 2009 жылы 16% құраған. Актив тұрғысынан алғанда, мемлекеттік тілде іс жүргізу көрсеткіші артты, деп атап көрсетті әкім.

Шараға қатысушылар да Елбасы мақаласына қатысты өз ой-пікірлерін білдірді.

«Мемлекет басшысының мақаласына сәйкес, елордада қаланың тарихи және рухани дамуы айқындалған кешенді жоспар әзірленуге тиіс. «Қазақстандағы жүз жаңа есім» Елбасы ұсынған бірегей жоба, ол қоғам үшін эталон ртінде атақты адамдарды насихаттауға бағытталған. Осы бағыттарды ескере отырып, біз аталған міндеттерді орындауға жұмыла кірісуіміз қажет», деп атап көрсетті Астана қаласы әкімінің орынбасары. Қаланың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов осы жылдары Мемлекет басшысының басшылығымен елімізде жүргізілген реформалардың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен бірге, ол рухани құндылықтарды жаңғыртудың, мәдениет пен салт-дәстүрлерді сақтаудың, аға ұрпаққа деген құрмет рухында тәрбиелеу мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын атап көрсетті.

«Мыңдаған жас елорданы көтеру үшін келді. Осы еңбеккелердің қолымен әсем қала бой көтерді, қазір біз елордамызды мақтан тұтамыз. Ал оны көтеруге атсалысқандардың өбі отбасынан алшақта жүріп, тұрмысын түзете алмай келеді. Біз көбінесе Астанаға депутаттар, шенеуніктер қалай келгені туралы жазамыз. Аға ұрпақ алғашқы тың игерушілердің қалай өскенін әлі ұмытқан жоқ. Олар туралы кітап жазып, кино түсірген, ән шығарған. Ал Астананы салған құрылысшылар туралы не жаздық, бұл мыңдаған жастың тағдыры, олардың арасында лайықты адамдар көп, алайда бәрі ұмытылды», деді Есілов. Сондай-ақ, ол табиғатқа жанашырлықтың жоқтығы, мәдениеттің төмен деңгейі, жемқорлық сияқты мәселелерді атап көрсетіп, бар қоғам болып осы түйткілдерге қарсы күресуге шақырды. Сонымен бірге, ол «Туған жер» бағдарламасына ерекше назар аудару керектігін баса айтты.

Талқылау барысында қалалық мәслихаттың депутаты, «Цесна Астық» Концерні» ЖШС бас директоры Илья Мещеряков та өз пікірін білдірді.

«Президенттің мақаласы негізінен жастарға бағытталған, ол біздің бүгін қабылдаған шешімдеріміз үшін жауапты екенімізге нұсқайды. Ал 20 жыдан кейін ер жететін жастар сондай маңызды шешімдер қабылдайды. Мен елорданың жас тұрғыны ретінде осы отансүйгіштікті жүрегімде сақтап келемін, өйткені шетелде ұзақ уақыт тұрдым, және үнемі елге оралып, туған жерім үшін маңызды іс атқарғым келді. Бүгінгі идеялар біздің сізбен бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде құрылады», - деп атап көрсетті Илья Мещеряков.

Джиу-джитсудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаеваның атап өтуінше, елорданың жастары Елбасының мақаласын толықтай қолдайды.

«Қалалық жастар ұйымдарының жетекшілері Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен бірлесіп жоғары оқу орындарында Елбасы мақаласын түсіндіру бойынша кездесулер ұйымдастырып жатыр. Ел мәдениетін сақтау аса маңызды. Меніңше, біз, жастар, халқымызөдың мәдениеті мен құндылықтарын сақтауға үлес қосуымыз қажет», деді Мөлдір Мекенбаева. Сондай-ақ, спортшы білімнің, үш тілді білудің, қазақ тілінің латыншаға ауысуын да маңызды санайды.

«Әрбіріміз сөз сөйлеп, нақты ұсыныстар айтты, солардың негізінде жоспар құруға болады. Мысалы, «Астанадағы 100 жаңа есім», олар жастар үшін үлгі болады. Біз елорда Президенттің қаласы ретінде оның барлық бастамаларын іске асыруымыз қажет. «Астана мейірімді қала», «Таза жұма», «Мұқтаждарға көмек» сияқты акциядар жалғасын табуы керек», - деп қорытындылады Әсет Исекешев.

Шараның қорытындысы бойынша Елбасы белгілеген ел дамуының басты бағыттарын ескере отырып, Әсет Исекешев құрылымдық бөлімшелерге мақаланың негізінде белгіленген идеяларды іске асыруға бағытталған кешенді жоспар құрып, бағдарламаны тәжірибе жүзінде қолдануға кірісуді тапсырды. Атап айтқанда, қала әкімінің тапсырмасымен құжатта қоғамның мәдени және рухани дамуына бағдарланған барлық шаралар көрініс табады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109