2369

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша баспана алуға 4 383 адам құжат тапсырды

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  желісі бойынша баспана алуға құжат қабылдау аяқталды. Тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, екі аптаның ішінде қабылдау комиссиясына коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған 4 383 адам құжат тапсырған.    

«Енді әрбір құжат өңделеді және өтініш берушінің бағдарламаның шарттарына сәйкестігі, бұрын кезекке тұрған кездегі санатының болуы тексеріледі. Содан кейін биыл пайдалануға берілетін пәтерлерге ие болатын үміткерлердің тізімі жасалады», - дейді Басқармадағылар.  

Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламаның осы бағыты бойынша 678 пәтерді тапсыру көзделген. Пәтерлерді үлестіру екі бағыт бойынша жүргізіледі:

- сатып алу мүмкіндігімен жалға алу (169 пәтер). Тұрғын үй 15 жыл мерзімге беріледі. Сатып алу кезінде ай сайынғы жалға алу төлемдері пәтердің жалпы құнынан шегеріледі. Бағдарламаның шарттарына сәйкес, адамдар алдымен өздерінің төлеуге қабілеттілігін тексеру керек. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының сайтында арнайы калькулятор жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар арендалық баспана үшін төлей алатын ай сайынғы ең көп төлем сомасын анықтай алады. 

- тікелей сату (509 пәтер).  Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 180 мың теңгені құрайды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109