1884

Астанада «Astana – Bilimland» онлайн жобасы қарқынды жүзеге асырылуда

«Кітап - білім бұлағы», «Тәрбие және білім», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын іске асыру аясында қазақ тіліндегі барлық кітап қорын, оған қоса көркем және ғылыми əдебиетті қамтып, цифрлауға бағытталған «Astana – Bilimland» онлайн жобасы  бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Аталған жобаның мақсаты - барлық уақытта Қазақстанда шығарылған жəне Қазақстан туралы шетелде жарық көрген кітаптарды жинау. 

«Astana – Bilimland» онлайн жобасының қызметін пайдалану үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына ғаламторға қосылған мобильді телефондары болса жеткілікті. Баннерден қажет кітапты таңдап QR-код арқылы сканерлеп, қалаған шығармаға сілтеме алу керек. Сонымен қатар оқырмандарға аудиокітап мобильдік қосымшасын жүктеп алып, интернетке байланыс жоқ жерде оқуға болады. 

Естеріңізге саламыз, ұйымдастырушылар бірінші баннерді "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы аялдама кешенінде орнатқан болатын. Қазіргі таңда тағы осындай 27 баннерді қаланың барлық қол жетімді нүктелерінде, яғни мектептерде, əлеуметтік маңызы бар орындарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жəне басқа да қоғамдық орындарда орнату жоспарлануда. 

Кітапхана аясында құрамында 150 мың сөз бен  сөз тіркестері бар қазақ тілінің əмбебап сөздігін табуға болады. Сондай-ақ орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптарды оқи аласыз. Шығармалар базасы жаңартылып, жас жəне заманауи авторлардың шығармаларымен толығып тұрады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109