1378

Астанада тағы бір қайымдылық дүңгіршегі ашылды

«Қамқорлық» қайырымдылық бутигі елорда кәсіпкерлері мен тұрғындары тарапынан кең қолдауға ие болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бұған дейін Астана әкімдігінің медиа орталығы елордада бағасыз киім-кешек бутигі жұмыс істеп жатқанын хабарлаған болатын. Арада апта өтпестен қалада тағы бір қайырымдылық дүңгіршегі ашылды.

«Біздің әлеуметтік акцияны астаналық кәсіпкерлер қолдап жатыр. Бұл өте қуанышты жағдай. Сарыарқа көшесі, 41 үй мекен-жайында орналасқан «Махаббат» тұрғын үй кешенінде тағы бір «Қамқорлық» дүңгіршегі ашылды», - деді  медиа орталықтың тілшісіне «Қамқорлық» әлеуметтік акциясының негізін қалаған кәсіпкер Ерекболат Қабылдин.

Оның айтуынша, күн сайын қайырымдылық дүңгіршегіне орта есеппен 10-15 адам келіп киім-кешек пен тұрмыстық заттарды тапсырады. Соншалықты адам аталмыш дүңгіршектен керегін тауып отыр.

«Жалпы, бұл жетістікке барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында жетіп отырмыз. Өйткені ол халқымызда бұрыннан келе жатқан қайырымдылық пен мейірімділік сынды құнды қасиеттерді дамытып, бір-біріне көмек қолын созуға үндейді», - деді Е.Қабылда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109