2663

Жыл соңына дейін Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша тағы 1 833 пәтер тапсырылады

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков жұмыс сапары аясында «Қолжетімді баспана - 2020» және тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламалары бойынша салынып жатқан нысандарды аралады.

Қала басшысы Н.Тілендиев даңғылының оңтүстігінде, Қорғалжын тас жолы мен Бейсекова көшесінің қиылысында, Бейсекова мен Сығанақ көшелерінің, Байтұрсынов пен Жұмабаев көшелерінің, Иманов және Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жағдайларын тексереді. Сонымен қатар, нысандарды аралауға Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун, Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарының әкімдері, Құрылыс және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары да қатысты.

"Бүгін қала әкімінің басшылығымен біз "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша салынып жатқан біраз нысанды араладық. Бұл бағдарлама бірнеше бағыттан тұрады. Біз кезекте тұрғандарға, жас отбасыларға, тұрғынүйқұрылысбанкі салымшыларына арнап үйлер салудамыз", - деді өз сөзінде қала әкімінің орынбасары С. Хорошун.

Айта кетейік, Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жалпы ауданы 84,06 мың шаршы метрді құрайтын 1 581 пәтерлік 7 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. 

Жыл соңына дейін жалпы ауданы 95,4 мың шаршы метрді құрайтын 1 833 пәтерлік 6 тұрғын үй кешені тапсырылады. Ал 2015 жылы жалпы ауданы 108,4 мың шаршы метрді құрайтын 1 937 пәтерді 10 көппәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жалғасады. 

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы ауданы 367,3 мың шаршы метрлік 4 969 пәтер пайдалануға берілді. Қазіргі кезде жалпы ауданы 265,94 мың шаршы метрлік 5 759 пәтердің құрылысы аяқталды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109