2146

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 5 тұрғын үй кешені тапсырылады

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бүгінде өзекті болып қалуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол  болашаққа бастар жол» тақырыбындағы Жолдауы аясында Үкіметтің алдына қойған басты міндет халыққа қолжетімді баспана салу болып табылады. Президент тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынатын тұрғын үй салуды ұсынды. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде Астанада «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде бағдарлама аясында жалпы ауданы 130 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пәтерлік сегіз тұрғын үй салынып жатыр. 

Соның ішінде 1 574 пәтерлік бес тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған. 

Бұдан басқа, 1135 пәтерлік 8 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Пайдалануға беру мерзімі - 2015-2016 жж.

Жалпы бағдарламаны іске асыру аясында Астанада жалпы ауданы 84,06 мың шаршы метрді құрайтын 1 581 пәтерлік жеті тұрғын үй тапсырылды. 2015 жылы жалпы ауданы 108,4 мың шаршы метрді құрайтын 1 937 пәтерлік 10 тұрғын үйді салу жалғасады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109