1954

Астанада жыл басынан бері 6 824 пәтер пайдалануға берілді

Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың маңызды бағыты халықты баспанамен қамту мәселесі болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында тұрғын үй сатып алудың жаңа шарттарын әзірлеу қажеттілігін айтты. Мұнымен қоса, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселесі де өзекті болып отыр. 

Жыл сайын баспаналы болуға ниетті адамдар саны артады. Биыл 2 096 қала тұрғыны мен 5 076 жас отбасы «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына қатысу үшін құжаттарын тапсырды.

Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері жалпы ауданы 903 599 шаршы метрлік 6 824 пәтер тапсырылды. Соның ішінде 158 637 шаршы метр мемлекеттің меншігі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4 есеге артық. Тұрғын үй құрылысынаа капитал салымдарын игеру 107 302,3 млн теңгені (2013 жылға қарағанда 134,4%) құрайды.

Астанада мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру тұрғын үйлерді пайдалануға беру жұмыстары жалғасуда. 

Еске салайық, Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, бағдарламаны іске асыру аясында елордада жалпы ауданы 130 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пәтерлік сегіз тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 1 574 пәтерлік бес тұрғын үй кешенін жыл соңына дейін тапсыру көзделген. Бұдан басқа, тағы да 1 135 пәтерлік 8 тұрғын үй кешені салынып жатыр, пайдалануға беру мерзімі - 2015-2016 жж.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109