1814

Астанада жыл соңына дейін 5 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы қолға алынғалы Құрылыс басқармасы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (ҚТҚЖБ) желісі бойынша жалпы ауданы 84,17 мың шаршы метрді құрайтын 1581 пәтерлік 7 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.

Қазір жалпы ауданы 130,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пәтерлік 8 тұрғын үй кешені салынып жатыр, соның ішінде жыл соңына дейін жалпы ауданы 80,6 мың шаршы метрді құрайтын 1 574 пәтерлік 5 тұрғын үй кешенін тапсыру көзделген. 

1. ҚТҚЖБ желісі бойынша - жалпы ауданы 25,2 мың шаршы метрлік 472 пәтер 

2. «Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша - жалпы ауданы 38,3 мың шаршы метрлік 672 пәтер үлестіріледі.

3. «Кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша - жалпы ауданы 17,1 шаршы метрлік 430 пәтер салынып жатыр. 

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы жалпы ауданы 73,66 мың шаршы метрді құрайтын 1135 пәтерлік 8 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Бүгінгі таңда бағдарламаны жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Нәтижесінде, жақын арада 5 тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады.

Еске салайық, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы негізгі 9 бағытты қамтиды, соның ішінде: 

1. ҚТҚЖБ желісі бойынша барлық санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үй; 

2. ЖАО кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй; 

3. Жас отбасыларға арналған баспана; 

4. «ҚИК» АҚ қорынан берілетін тұрғын үй сатып алу мүмкіндігімен әлеуметтік аренда; 

5. «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қорынан арендалық баспана; 

6. Апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар аясындағы тұрғын үй; 

7. ЖТҚ салу; 

8. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу; 

9. Құрылыс индустриясын дамыту.

Бүгінгі таңда бағдарламаны жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Нәтижесінде, жақын арада 5 тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109