1864

Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында 1,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі

2015 жылы Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында 1,5 мыңнан астам пәтер салу жоспарланған. Астана қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, 1598 пәтерлік 8 тұрғын үй кешені пайдалануға берілмек. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағыты бойынша жалпы ауданы 61,8 мың шаршы метрлік 7 тұрғын үй кешені салынады. Бұл үйлерде 340 бір бөлмелі пәтер, 573 екі бөлмелі, 239 үш бөлмелі және 16 төрт бөлмелі пәтер болады. Аталған тұрғын үй кешендері келесі мекенжайлар бойынша орналасады:

- Сауран және №24 көшелердің қиылысындағы тұрғын үй кешені;

- Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені;

- Брусиловский, Иманов, Жұбанов көшелерінің қиылысында қосымша орынжайлары мен тұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені;

- 23-31, 23-16, 23-17, 23-30 және А98 көшелерінің аумағындағы тұрғын үй кешендері.

Арендалық баспана бағыты бойынша кезекте тұрғандар үшін Сарайшық көшесінің оңтүстігі мен Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан ауданы 28,3 мың шаршы метрлік 430 пәтерге есептелген тұрғын үй кешені тапсырылатын болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109