1556

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру аясында тұрғын үйлердің берілуі

2015 жылғы 23 ақпаннан 1 наурызға (қоса алғанда) дейін Бағдарлама бойынша құжаттар қабылданады


Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына сәйкес Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде  2015 жылы наурыз айында 86 пәтер үлестірілетін болады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан (Бейсекова көшесі) тұрғын үйде кейіннен сатып алумен жалға берілетін 86 пәтерді іске асыруды жоспарлауда, оның ішінде:

-  ауданы 53,6-дан 57,9 ш.м.-ге дейін екі бөлмелі 13 пәтер;

-  ауданы  76,9-дан 80,2 ш.м.-ге дейін 8 үш бөлмелі пәтер;

-  ауданы 94,3-тен 96,7 ш.м.-ге дейін 65 пәтер.

Бағдарлама талаптары бойынша бұл бағытта келесі санаттар бойынша Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде тұрған (кезектегілер) азаматтар ғана үй алуға құқылы:

-  көп балалы отбасылар;

-  толық емес отбасылар;

-  мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

-  жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-  оралмандар;

-  мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкрелер, бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Бұл бағыттағы қатысушыларды қалыптастыру екі шағын топ бойынша жүргізілетін болады:

1 шағын топ – жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша Астана қаласының әкімдігінде кезекте тұрғандар, кемінде үш жыл некеде тұрған, балалары бар және ерлі-зайыптылардың екеуі де 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте), балаларын (баласын) 35 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы;

2 шағын топ – жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша Астана қаласының әкімдігінде кезекте тұрғандар, 1 шағын топқа кірмейтіндер.

Пәтерлер 1 және 2 шағын топтар арасында тең мөлшерде үлестірілетін болады.

Қатысу үшін аталған санаттарға жататын азаматтар e.astana.kz веб-порталы арқылы (өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын пайдаланумен) ағымдағы жылдың 23 ақпанынан бастап 1 наурызға (қоса алғанда) дейін тіркелуге құқылы. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109