1575

Астана қаласында «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ бағыты бойынша тұрғын үйлерді сату

Халықтың көп қауымын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысымен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді.

Бұл бағдарлама Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында сөз болған тұрғын үй сату шарттарымен толықтырылған болатын.

Бағдарлама шеңберінде тұрғын үйлерді сатудың бірнеше негізгі бағыттары көзделген, оның бірі «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйлерін сату болып табылады.

2015 жылы Астана қаласында «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамымен кейіннен сатып алумен жалдамалы түрде сату үшін 86 пәтер көзделген, оның ішінде:

1 шағын топ үшін:

Екі бөлмелі – 7 бірлік, жалпы ауданы 53-тен 58 ш.м.-ге дейін.;

Үш бөлмелі – 4 бірлік, жалпы ауданы 76-дан 80 ш.м.-ге дейін.;

Төрт бөлмелі – 33 бірлік, жалпы ауданы 94-тен 97 ш.м.-ге дейін.;

2 шағын топ үшін:

Екі бөлмелі – 6 бірлік, жалпы ауданы 53-тен 58 ш.м.-ге дейін.;

Үш бөлмелі – 4 бірлік, жалпы ауданы 76-дан 80 ш.м.-ге дейін.;

Төрт бөлмелі – 32 бірлік, жалпы ауданы 94-тен 97 ш.м.-ге дейін.;

Кейіннен сатып алумен жалдамалы тұрғын үй 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі (кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жалға беру мерзімі 30 жылға дейін ұзартылуы мүмкін), оған қоса шамамен жалға беру мерзімі 5 жылды құрайды (бес жыл өткен соң жалға алушының мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар).

Құжаттарды қабылдау кезінде шуды болдырмау мақсатында және азаматтардың ыңғайлылығы үшін құжаттарды қабылдау e.astana.kz веб-портал арқылы (өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын пайдаланумен) іске асырылатын болады.

Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 23 ақпаннан бастап 1 наурыз (қоса алғанғанда) аралығында жүзеге асырылатын болады.

Астана қаласында «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысуға құқығы бар азаматтар санаты

Бағдарламаға сәйкес бұл бағытта Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде тұрған (кезектегілер) келесі санаттар бойынша азаматтар ғана қатыса алады:

* көп балалы отбасылар;

* толық емес отбасылар;

* мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

* жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

* оралмандар;

* мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкрелер, бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Бұл бағыттағы қатысушыларды қалыптастыру шағын топтар және келесі өлшемдер бойынша жүргізілетін болады:

1 шағын топ – жоғарыда көрсетілген санатта кезекте тұрушылар, кемінде үш жыл некеде тұрған, балалары бар және ерлі-зайыптылардың екеуі де 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), балаларын (баласын) 35 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы;

2 шағын топ – жоғарыда көрсетілген санатта кезекте тұрушылар, 1 шағын топқа кірмейтіндер.

Тұрғын үйлерді беру келесі үйлесім бойынша іске асырылады:

50% - 1 шағын топ үшін;

50% - 2 шағын топ үшін.

Егер де азаматтар тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар; кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 1 және 2 топтағы мүгедектер; Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған адамдар санаттары бойынша тұрған болса, олар бұл бағытты іске асыруда қатыса алмайды.

Өтініш берушілерге (үміткерлерге) қойылатын негізгі талаптар

1. Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрушы мәртебесін дәлелдеу;

*- Қазақстан Республикасы азаматтығы немесе оралман мәртебесінің бар болуы;

- өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің Астана қаласында мекенжай бойынша тұрақты тіркеуде бар болуы;

- Бағдарламаға қатысушыда және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінде (ерлі-зайыпты, кәмелетке толмаған балалары), сондай-ақ өтінішті көрсетілген және отбасы құрамына енгізілген басқа отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағында кейіннен сатып алумен жалдамалы тұрғын үйі немесе меншік құқығында (өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінде бір тұрғын үй ретінле жалпы бірлескен меншігінде, жалпы бірлескен меншікті құрайтын үлестік меншікте үлесі) тұрғын үйі жоқ болуы;

- Бағдарламаға қатысушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (ерлі-зайыпты, кәмелетке толмаған балалары), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында өзiне меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын үй-жайын ауыстырғаны немесе иеліктен шығаруы нәтижесінде соңғы бес жылдың iшiнде қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналу фактісінің жоқ болуы.

2. Тұрғын үйді сатып алудың шарттары бойынша, кейіннен сатып алумен және сатып алусыз жалға алуға тиісті кірістерімен міндеттемелерді орындау мүмкіндігін дәлелдеу (төлем қабілеттілігін бағалау).

Астана қаласы әкімдігінің «Электрондық қызмет» (e.astana.kz) порталы арқылы қатысушылармен өтініш және құжаттар тапсыруы

Өтініш тапсыру үшін төмендегі қажет:

- өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

- неке қию (некені бұзу туралы) туралы (2008 жылғы 1 маусымға дейінгі), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі), баланың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі) куәліктерінің электрондық көшірмесі;

- өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;

- өтініш берушінің жұмыс орнынан өтініш берушімен кіріс алынғандығын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың келесі мәліметтерін өтініш беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады:

* өтініш берушінің жеке басын куәландыратын мәліметтер;

* неке қию (некені бұзу туралы) туралы (2008 жылғы 1 маусымға дейінгі), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі), баланың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі) мәліметтер;

* өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығында немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі бар болуы немесе жоқ болуы туралы мәлімет;

* өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Астана қаласында тұратынын растайтын тіркеу жөніндегі мәлімет;

* отбасы мүшесінде мүгедектілігі бар болуын растайтын мәлімет;

* Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәттен бастап кезек нөмірін көрсетумен тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде тұруы туралы мәлімет.

Сонымен қатар, қажет болған жағдайда Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен азаматтар қосымша құжаттарды ұсыну үшін шақырылуы мүмкін.

Отбасы құрамы (отбасы мүшелері саны) өтініш еткен пәтер ауданына әсер етпейді, үміткерлер өз қалауы бойынша мүмкіндігінше пәтер түрін көрсетеді.

Қатысушылар арасындағы іріктеу тұрғын үй комиссиясымен тұрғын үйге мұқтаждылар есебі тізіміне және сол кезекке тұрған күніне сәйкес жүргізіледі.

Оған қоса, қабылданған құжаттар негізінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегіндегі азаматтар тізіміне түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Егер де кезекте тұрушымен ҚР бойынша тұрғын үй сатып алғаны анықталатын болса немесе тұрғын үйді иеліктен шығару фактісі болса не болмаса өтініш берген кезде санаты болмаған жағдайда, онда азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінен шығарылуға жатады.

Бағдарлама аясында меншікке Бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 1 ғана бірлік тұрғын үй немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй сатып алуға болады.

Жалға беру төлемі және олардың есеп айырысу сомасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ өкілдігіне келесі телефон номерлері бойынша хабарласу қажет: 79 90 73 (2201 ішкі), 79 90 72 (2204 ішкі), 79 90 70, 79 90 74, 79 90 75, 8(701) 9992145, 8(701)7789846.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109