1806

Астанада «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша пәтерлердің кілттері табысталды

Астанада Мемлекет басышысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған жеңілдетілген баспаналардың Әлеуметтік арендалық үй бағдарламасы бойынша кілттері берілді.

Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйде жалпы ауданы 7,6 мың шаршы м құрайтын 86 пәтердің кілті табысталды. Елордада бір шаршы метрдің құны 1110 теңгеге тең болды. Пәтерлердің орташа ауданы - 65 шаршы м.

«Бұл жаңа тұрғын үйлер, қауіпсіздік стандарттарына сай. Аталмыш бағдарлама халықты қолжетімді баспанамен қамту үшін ары қарай да жалғаса бермек. Жаңа пәтерлерде тек қана бақыт болсын», - деп құттықтады жаңа пәтерлердің иелерін Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин.

Сонымен қатар, ол бағдарламаға қатысу талаптары ҚР Үкіметінің электронды сайтында алдын ала жарияланғанын атап өтті.

«Қатысушыларды іріктеу электронды құжат тапсыру арқылы жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда барлық пәтер иелері өздерінің төлеу қабілеттерін растады және осы пәтерлерге ие болу мүмкіндігін алды», - деп түсіндірді Астана әкімінің орынбасары.

Еске сала кетейік, халыққа әлеуметтік арендалық пәтерлерді беру үшін Ұлттық қордан «Бәйтерек» холдингіне 180 млрд теңге бөлінген болатын. Соның ішінде 35 млрд теңге жергілікті атқарушы органдарға үлестірілді. Бұл қаржы осы үйлерді инженерлік-коммуникациялық жүйемен қамтуға жұмсалмақ. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109