«Жастар синергиясы» жазғы лагеріне әлеуметтік жоба ұсыныңыз
Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы жастар саясатын жүзеге асыру бағыттындажаңа идеялар мен тәсілдерді енгізуде. Сондай іс-шаралардың бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жастар синергиясы» жазғы лагері, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
16 мен 29 жас аралығындағы ниет білдірушілер жастар саясаты саласына қатысты ұйымдастырушылар ұсынған бес бағыттың бірі бойынша өзінің әлеуметтік жобасын ұсына отырып онлайн тіркеуден өту керек.
Ұсынылған бағыттар:
Жастардың әлеуметтік дамуы;
Жастар және бизнес;
Жастар, мәдениет және спорт;
Жұмыссыздықтың алдын алу және кәсіби бағдар жұмысын өткізу;
Жастар және ақпарат толқынында.
Тіркеуден өткен қатысушы ұйымдастырушылардың арнайы шақырған коуч және бизнес тренерлері, елімізге танымал тұлғалары және өзінің стейкхолдерлерімен бірге өз жобасын талқылап, толықтырып жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Іс-шара осы жылдың 20-22 маусымында өтеді.
Өтетін орны: «Золотой фазан» мәдени ойын-сауық кешені (Астанадан 29 шақырым), Ақмола облысы Қоянды ауылы, Рысқұлов көшесі, 35.
Қосымша ақпарат алу үшін: Ақұлан Тастемір – жобаның жетекшісі: 8700 710 02 01. Айткенов Дінмұхаммед – жобаның супервайзері: 8702 602 49 62.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz