Жастар ғалымдармен жүздесті
М. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру жаңа білім саласының көк жиегі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиналғандар «Жаңа Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Шараға Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Рақымжан Тұрысбек, Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Темірхан Тебеген, Евразия Ұлттық Университетінің профессоры Қорғанбек Болат қатысты.
«Ұрпақты біліммен тәрбие беру міндетінің басты құралы әлемдегі әлеуметтік гуманитарлық бағыттар үшін үздік болып танылған 100 оқулықты бәсекеге қабілетті болуға көмегін тигізеді деген сенімдеміз», - деді Абай атындағы Мемлекеттік педогогикалық университетінің профессоры Темірхан Тебеген.
Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер де жобаға қатысты өз ойларын айтып, қонақтарға сұрақтарын қойды.
Айта кетсек, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең үздік жүз кітапты қазақ тіліне аударуды тапсырған еді.
Бүгінгі таңда алғашқы 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шыққан. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz