Термешілер Астананы жырлайды
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі
басқармасы «Жырлаймын сені Астана» атты термешілер байқауын жариялайды, деп
хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұлтымыздың төл мәдениеті мен өнерін жан-жақты дамыту және дәріптеу, көпшілікке терме тарихын таныстыру.
«Термешілер арасындағы байқау Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Оған қатысамын деушілердің жасына шектеу қойылмайды. Халқымыздың тарихын, мәдениетін, этникалық даму жолын меңгермей, қазақтың рухани және адамгершілік құндылықтарын сіңірмей Қазақстанның заманауи дамуы мүмкін емес. «Жырлаймын сені Астана» байқауы осы орайда ұйымдастырылғалы тұр», – деп мәлімдеді Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында.
Байқауға өтінімдер terme_20@mail.ru поштасы 18 маусымға дейін қабылданады.
Термешілер сайысы 20 маусымда өтеді деп жоспарланған.
Толығырақ ақпарат 8 702 202 00 77, 8 (7172) 55 67 02 нөмірлері бойынша.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz