1922

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту: ескі үйлердің жаңаруы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру Елбасының назарында. Осы бағыттағы басты міндет тұрғын үй қорын пайдалануды жетілдіру және тиімділігін арттыру болып отыр. Былтыр бағдарлама аясында елордада 20 көппәтерлі тұрғын үйде 830 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүгізілді. Тиісті жұмыстарды мердігерлік ұйымдарды тарта отырып, Астана қаласы Тұрғын үй инспекциясы басқармасының жанында қызмет атқаратын «Өркен қала» ЖШС арнайы өкілетті ұйымы жүргізеді. 2011-2020 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртубағдарламасының орнына қабылданған 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында былтыр Астанада 20 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен 830 миллион теңге бөлінген болатын.

- Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде жылу пайдаланудың автоматтандырылған басқару жүйесі  және жалпы үйдің жылу есептегіш құрылғылары орнатылып, шатырлар мен температуралық жіктер жөнделіп, жылытылып, жалпы энергия пайдаланудан жылу энергиясын 30-40% үнемдеуге мүмкіндік беретін қуат үнемдегіш шамдар орнатылды, - дейді «Өркен қала» ЖШС директоры Қаһарман Жазин.

Аталған шаралар энергияның нәтижелілігін айтарлықтай арттырып, азаматтардың қаржылық әлеуеттілігіне де әсер етеді. Оның айтуынша, белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында биыл Астанада күрделі жөндеуді қажет ететін 92 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарына бағдарламаның негізгі шарттары түсіндірілді. Нәтижесінде, бағдарламаға қатысу үшін бюджеттік өтінішке 31 тұрғын үй енді. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық экономика министрлігі олардың 12-сіне жөндеу жүргізу үшін 427 миллион теңге қарастырып отыр.

- Сондай-ақ, биыл қалада пайдалану мерзімі аяқталған 50-ден артық лифтті Беларусь Республикасының «Могилев Лифтмаш» фирмасы және оңтүстіккореялыық Hyundai шығарған жаңа лифт құрылғыларына ауыстыру жоспарланып отыр, - деді көппәтерлі тұрғын үйлерді  қайта жаңарту бөлімінің басшысы Асқар Нұртазин.

Қазіргі уақытта 2015-2016 жж. арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізімі жасалуда. Күрделі жөндеуді, шатыр және инженерлік жүйелерді ауыстыруды, үй ауласын жөндеуді қажет ететін  үйлер тізіміне қосылу үшін белсенді пәтер иелері қалалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасына хабарласуға тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109