1590

Астанада жыл соңына дейін 1428 пәтер тапсырылады

Елордада ағымдағы жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 172 мың шаршы метрлік 3093 пәтерге арналған 12 көпқабатты үйдің құрылысы жалғасады, соның ішінде 484 пәтер ағымдағы жылы пайдалануға берілді.

Астана қаласы мәслихатының тұғын үй-коммуналдық шаруашылық, сауда, көлік, экология және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында тұрғын үйлерді салу бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Астана қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Владимир Лютовтың мәліметінше, жыл соңына дейін жалпы ауданы 39,6 мың шаршы метрді құрайтын 1428 пәтер тапсырылады.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы өткен жылдың маусым айында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгімемлекеттік бағдарламасына қосылған болатын. Астанада «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы пәтер беру» бағыты бойынша жалпы ауданы 54,1 мың шаршы метрлік 998 пәтер, «Жергілікті атқару органдардың кезекте тұрған қызметкерлеріне арналған арендалық баспана» бағыты бойынша жалпы көлемі 28,4 мың шаршы метрлік430 пәтер, «Жас отбасыларға арналған арендалық баспана» бағыты бойынша жалпы ауданы 16,7 мың шаршы метрді құрайтын 314 пәтер тапсырылады.

В. Лютовтың айтуынша, 2016 жылы жалпы ауданы 131 мың шаршы метрді құрайтын 2353 пәтерге есептелген 5 тұрғын үйдің құрылысы бойынша қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Жалпы, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері Құрылыс басқармасы жалпы ауданы 119,7 мың шаршы метрді құрайтын 2294 пәтерге арналған 10 көппәтерлі үйді тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109