2302

Астанада Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ арқылы тұрғын үйлер беру

Астана қаласында 2015 жылдың 25-29 мамыр (қоса алынады) аралығында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасының «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүргізілуді.

«ҚИК» АҰ» АҚ-мен кейіннен сатып алумен жалға беруді іске асыру үшін 52 пәтер қарастырылған, оның ішінде:

23 – бір бөлмелі пәтер, ауданы 39,2-ден 42,1 ш.м. дейін;

25 - екі бөлмелі пәтер, ауданы 58,7-ден 69,5 ш.м. дейін;

4 – үш бөлмелі пәтер, ауданы 75,2-ден 79,1 ш.м. дейін.

Бағдарламаның бұл бағытына қатысу үшін төмендегі санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаждылар есебінде тұрған тұлғалар қатыса алады:

көп балалы отбасылар,

толық емес отбасылар,

мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар,

жетім –балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,

оралмандар,

мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер,

арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Бағдарлама талаптарына сәйкес құжаттарды қабылдау тек e.astana.kz  веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭСҚ) пайдаланумен жүргізіледі.

Порталдың жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.

Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 29 мамырда сағат 00:00 аяқталады.

Бағдарламаға қатысу талаптары, құжаттар тізбесі және өтініш беру бойынша нұсқаулық Тұрғын үй басқармасының www.uzh.kz. ресми сайтында жарияланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109