1849

Астанада тұрғын үй құрылыстары үшін 823 жер телімі бөлінген

Алдағы 5 жыл көлемінде елорда тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша көшбасшы позициясында қалады. Бұл туралы бүгін қоғамдық тыңдаулар барысында Астана қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий мәлімдеді.

«2015 жылдың 20 маусымындағы жағдайға сәйкес Астана қаласында тұрғын үй құрылысы үшін 823 жер телімі бөлінген. Бөлінген жер телімдерінің жалпы санынан 121 жер телімі бюджеттік нысандарды салуға берілсе, 702 нысан коммерциялық мердігерлермен игеріледі. Сонымен қатар, 482 нысан жобалау кезеңінде тұр», - деді В. Силецкий.

Оның айтуынша, елорданың тұрғын үй қоры бүгінгі таңда 17,1 миллион кв.м. құрайды. 1998 жылдан бері жалпы ауданы 13 миллион кв.м.-ге жуық болатын тұрғын үй пайдалануға берілген. Бас жоспарға сай 2030 жылға қарай бас қаланың тұрғын үй қоры 37,2 миллион кв.м. құрауы керек.

В. Силецкий мәлімдегендей, алдағы уақытта Астана қаласында Сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа ғимараты салынбақ. Оған 500 қызметкер жұмыс істейтін басқармадағы орын жетіспеушілік басты себеп. Жаңа ғимараттың жалпы көлемі 8 мың кв.м. құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109