1664

Астанада апатты жағдайдағы үйлер сүрілуде

Апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді сүру бойынша пилотты жобаны жүзеге асыру аясында 2017 жылға дейін Астана қаласында 228 апатты үйді сүру жоспарланып отыр.

«Сарыарқа» ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауданда 2017 жылға дейін 128 апатты жағдайдағы үйді сүру көзделген. Ағымдағы жылы аудан бойынша 53 үй, 2016 жылы 36 үй, ал 2017 жылы 16 үй сүрілмек.

Ағымдағы жылдың 30 мамырынан бастап апатты жағдайда тұрған 19 үйден (153 пәтер) тұрғындарды көшіру бойынша жұмыстар жүргізіле бастаған. Тұрғындар Бейсекова мен Сығанақ көшелері қиылысындағы тұрғын үйлерге көшірілді. Бүгінгі таңда Тянь-Шанский, 1, 3; Бейбітшілік, 18а; Шынтас, 17, 19; Ақбұғы, 4/1; Гете, 18, 20; Құтпанов, 26, 28;  Тілендиев даңғылы, 3, 4 мекен-жайларында орналасқан 12 апатты үй сүрілді. Қалған 7 апатты үйлерден тұрғындарды көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Қосымша 53 апатты жағдайдағы үйлерді сүріп, тұрғындарды Қобыланды батыр мен Бурабай көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйге көшіру жұмыстары 2015 жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарланған.

«Алматы» ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ағымдағы жылы аудан бойынша 30 апатты үй сүрілмек. Ал келесі жылы тағы 10 үй сүріліп, тұрғындар жаңа үйлерге көшірілмек.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Астана қаласында 11 апатты үй сүріліп, 176 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109