3155

«Астана - қоғамдық кеңістікке деген өзіндік ыңғай қалыптасатын алдыңғы қатардағы қалалардың бірі

Ресейдің белгілі урбанисі, әлеуметтік жобалау сарапшысы Святослав Мурунов қаланы дамыту және заманауи дәуірдің ерекшелігі мен жаһандық қаланың немен өмір сүретінін талқылады. Мәскеулік қонақ Астана туралы өзінің пікірін бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Мәскеулік урбанист көбіне қоғамдық кеңістіктерді жобалайды. Оның жоба тізімінде Қазан, Сочи, Саратов, Ярослав, Калуга сияқты қалалар бар. С. Мурунов астанаға бірнеше рет келген. Әлемдегі ең жас астананы мәскеулік урбанист үлгі ретінде посткеңестік кеңістіктегі «жаһандық мақсаттар қала-астананың концепциясын қалыптастырды» деп баға берді.  

«Астанаға келер болсақ – меніңше бұл посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ғана мысал. Яғни жаһандық мүдделер мен Қазақстан мемлекетінің ұлттық мақсаты концепция қалыптастырып, қала-астана идеясын алып келді. Демек, жоба басталарда-ақ акцентті осыған негіздеген», - деді мәскеулік қонақ.

Сондай-ақ Мурунов қоғамдық кеңістіктер қазіргі кезде постиндустриалды экономикада бірінші орынға шыққанын айта кетті. «Себебі, жаңа құндылықтарды жасау мен технология тікелей түрлі мәдениеттер арасындағы алмасу мен коммуникацияның тығыздығына, жылдамдығына байланысты», - деді урбанист.

 «Қаладағы саябақ – ол жай ғана саябақ емес, ол шығармашылық кластер. Университет – ол жай тұрған ғимарат емес, ол күрделі бірлескен ғылыми қызмет, музей – ұжымдық толғаныс, рефлексия, кино – тәрбие, кітапхана – әлемді құрылымдау картинасы, т.б. Барлық қоғамдық институттар қаланың тұрақты дамуы үшін маңызды жайттар», - деді ол. – Осыған байланысты, Астана – қоғамдық кеңістікті дамытудың стратегиялары біріккен, қалалықтарды тәрбиелеуде, қоғамдық кеңістікті қайтадан заманауи қадаммен жасауды ойлана отырып және бірегей өзіндік қалып беруге, сондай-ақ қоғамдық әлеуетті өсіріп, оның мазмұны мен басқарудың жаңа формасын іздеудегі алғашқы қалалардың бірі».

Сонымен қатар С. Мурунов қазіргі таңда әлеуметтік, модерация, тарту және ой салатын жоба мен қоғамдық-мәдени орталықтар және қоғамдық кеңістік мәселесі бойынша Урбанистика  орталығын салу туралы талқылау жүріп жатқанын жеткізді.

Фото: Евгений Ткаченко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109