1839

ТҚК ену жағдайында қандай мәселелерге назар аудару қажет?

Тамыздың 5-і күні Астана қаласы Әкімдігінің ресми сайтында тұрғын үй кешендерінің құрылысына қаражат тартуға мүмкіндік беретін тұрғын үй құрылыс кооперативтері жөнінде толық ақпарат жарияланды. Бұл мақала сондай-ақ тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің қызметіне арналып жазылған және азаматтарды ТҚК-не ену жағдайында жоғары қырағылыққа шақырған (жарғыны оқуға және т.с.с).

«Шынымен де, қала әкімдігімен көтерген мәселе өзекті болып табылады. Қазақстанның салымшылар қауымдастығы да бұл жөнінде алаңдаушылық білдірді. Кооператив мүшелігіне ену қалаған пәтерді меншікке алудың тексерілген, оңай әрі сенімді тәсілі деген жалпы пікір бар. Дегенмен, тәжірибеге сүйенсек, осы сегментте де салымшылармен бірқатар мәселелер туындады» - деп атап өтті Қазақстанның салымшылар қауымдастығының атқарушы директоры Аслан Тукиев.

Сарапшының айтуынша, салымшының «Тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу туралы» Заңын сақтамауы және азаматтардың құқықтық сауатсыздығы жарнашы үйсіз және ақшасыз қалатын қынжыларлық нәтижеге әкеледі. 

Сондықтан Қазақстанның салушылар қауымдастығы осындай ТҚК-не кіргісі келетін тұлғаларға төмендегі аспектілерге ерекше назар аударуды ұсынады:

•  Қандай да қаражатты беру және келісім-шартқа қол қоюдан бұрын кооперативтің жарғысын мұқият оқып алыңыз. Біріншіден, ТҚК-не ену және одан шығу рәсіміне, кооператив мүшесінің құқықтары мен міндеттеріне назар аударыңыз;

•  Жобаны орындайтын компаниялардың беделін біліп алыңыз, олардың құрылыс саласындағы тәжірибесін, жобаларды жүзеге асырудың сәттілігін, құрылыс нарығында қызмет ету мерзімін және т.с.с сұрақтарды талдап алыңыз;

•  ТҚК шығу жағдайында жарнаны қайтару мерзіміне назар аударыңыз;

•  Жарнаны енгізу рәсіміне назар аударыңыз (бір жолғы жарна немесе бөліп енгізу);

•  Барлық төлемдерді және олардың жалпы сомасын нақтылаңыз;

•  Тараптардың жауапкершілігін, соның ішінде материалдық жауапкершілігін анықтап алыңыз;

•  Сонымен қатар құрылысқа рұқсат құжаттарды тексеріңіз. Өзге жағдайда құқық белгілеуші құжаттарды алумен немесе оларды мүлдем ала алмаумен қосымша қиыншылықтар туындауы мүмкін;

•  Жер теліміне құқық белгілеуші құжаттардың бар болуын тексеріңіз.

Сондай-ақ, кооператив мүшелігіне ену жағдайында пәтерді сатып ала алмауын

есте сақтау қажет. «Тұрғын-үй қарым-қатынастары туралы» Заңының 54-бабына сәйкес мұндай жағдайда сәйкес жарналарды енгізу арқылы кооперативтегі үлес қана сатып алынады. Кооператив мүшелері арасында пәтерлерді бөлу жалпы құрылтай жиналысының шешімінің негізінде орындалады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109