1628

Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

Бүгінгі таңда Астана қаласында жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткенде баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді.

– Шілде айынан бастап қаланың тұрғын үй қоры 300 мың шаршы метрге ұлғайған. Барлығы жыл басынан бері 1 миллион 198 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 10 895 пәтерді құрайды және өткен жылдың көрсеткіштерінен 75 пайызға артық. Бұл уақыт аралығында елордада апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша пилотты жоба асында 28 тұрғын үй сүріліп, тұрғындар 328 қайтарымсыз пәтерге ие болды, - деді С. Хорошун.

Оның айтуынша, «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Астана үй құрылысы бойынша елімізде бірінші орында тұр. Қазіргі уақытта 210 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобалау сатысында 551 нысан бар.

Сонымен қатар, брифинг барысында Үлескерлік туралы заңды бұзған 20 құрылыс компаниясының нысандары бойынша да сөз қозғалды. Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, аталмыш құрылыс компанияларға қатысты Астана әкімдігі мен прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр. 

- Үлескерлік қатысу туралы заңды елемей, тұрғындардан пәтерге алдын ала қаражат жинаған құрылыс компанияларына қатысты құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта 44 нысан бойынша тергеу жүргізілуде. 25 нысан жобалау үстінде болса, 19 нысан құрылысы жүріп жатыр. Ол нысандардың құрылысын 20 компания салып жатыр, - деп атап өтті әкімнің орынбасары. 

С. Хорошунның айтуынша, олардың басым бөлігі тіпті, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат та алмаған болып шықты. Жыл басынан бері ешбір құжатсыз әрекет етіп келген құрылыс компаниялар саны 125-тен 13-ке дейін азайған. Жыл соңына дейін бұл мәселе түбегейлі шешіледі.

Мұндай компаниялар қатарында «Азбука жилья», «Төленді», «Әл-Барақат», «Сезам стройсервис», «Шейx Казинвест» және «Тамыз инвестгрупп» компаниялары кірген. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109