1630

Астанада тұрғын үйге мұқтаждылар есебінде тұрған азаматтардың мәліметтерін тексеру жүргізілуде

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңының  71-бабына сәйкес уәкілетті орган Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар есебінде тұрған азаматтарының кезектiлiк тiзiмiне жыл сайын түгендеу өткізедi.

Осыған байланысты, төменде көрсетілген тізімге сәйкес 2005 жылға дейін кезекте тұрған азаматтарға құжаттарын жаңарту үшін С. Сейфуллин көшесі, 30 үйіне баруды сұраймыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана әкімдігі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы Астана қаласында «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамымен кейіннен сатып алумен жалдамалы түрде сату үшін 52 пәтер көзделіп, өтініш берушілерді іріктеуді жүргізген болатын.


Тіркеуде тұрған азаматтардың тізімін төменде берілген сілтеме арқылы жүктей аласыздар:
http://www.uzh.astana.kz/kk/node/45032



Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109