1028

Астанада 20-21 маусымда «Қазақ елі» монументі алаңында көлік қозғалысы шектеледі

Елордада бүгін, 20 маусымда, 09.00-ден 13.00-ге дейін және жұма, 21 маусым күні 15.00-ден 21,00-ге дейін «Қазақ елі» монументі алаңында көлік қозғалысы шектеледі.

Елордада бүгін, 20 маусымда, 09.00-ден 13.00-ге дейін және жұма, 21 маусым күні 15.00-ден 21,00-ге дейін «Қазақ елі» монументі алаңында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Көлік қозғалысының шектелуі қала мектептерін бітірушілерге «Алтын белгі» кеуде белгілерін тапсыру салтанатына байланысты болмақ.

 Тәуелсіздік даңғылында А.Байтұрсынов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне  автокөлікпен кесіп өтуге  шектеу қойылады. 

Осы жол телімінде Тәуелсіздік даңғылымен Қошқарбаев көшесі бағытына  қозғалушы көлік құралдары мына сызбада жүреді: Тәуелсіздік даңғылынан - Байтұрсынов көшесіне солға бұрылу - Обаған көшесіне оңға бұрылу - Нәжімеденов көшесіне оңға бұрылу - содан Тәуелсіздік даңғылына солға бұрылып, Ш.Қалдыаяқов көшесіне шығады. Кері бағытта да Ш.Қалдыаяқов көшесі бағытынан осы сызба қайталанады. 

Осы сызба бойынша №4, №14, №21 бағыттағы қоғамдық көліктер де айналып жүреді.

Жоғарыда аталған салтанатқа қатысушылар мен келушілер көлік құралдарын уақытша «Хазірет Сұлтан» мешіті аумағындағы автотұраққа қоюы ұсынылады. 

Жол қозғалысына қатысушыларға өздерінің жүріс бағдарын алдын ала айқындап алуы ұсынылады.  


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109