1488

Астанада жылдың басынан бері 12 496 пәтер пайдалануға берілді

Астанада жылдың басынан бері  жалпы ауданы 1 407 186 шаршы метрді құрайтын 12 496 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде мемлекет меншігі 213 228 шаршы метрді, жеке меншік 1 117 218 шаршы метрді, шетелдік меншік - 76 740 шаршы метрді құрады.

Жылдың басынан бастап тұрғын үй құрылысына инвестиция салу көлемі  107 142,2 млн теңгені құрады, елорданың кәсіпкерлері мен ұйымдары 370 380,2 млн теңгеге құрылыс жұмыстарын (қызмет көрсету) жүргізді. Көлемі бойынша жалпы көлемнің неғұрлым көп үлесі  жеке мердігерлік ұйымдардың құрылыс жұмыстарына тиесілі, ол -  65,5%-ды құрайды, шетел мердігерлері 34,4%, мемлекеттік - 0,1% орындады.

Астана қаласының Статистика департаменті хабарлағандай, құрылыс жұмыстары құрылымының жалпы көлемнің 97,3%-ы  құрылыс-монтаждау жұмыстарына, 1,6%-ы - күрделі жөндеуге, 1,1%-ы  ағымдағы жөндеуге жұмсалады. 

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің елеулі үлесін  тұрғын үй мен тұрғын емес  ғимараттарды салу жұмыстары алады.  Бұдан бөлек, қазіргі кезде жалпы алаңы 88,55 шаршы метр 1 582 пәтерді  2016 жылы пайдалануға беру мерзімімен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді салу жалғасуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109