1117

Астанада шілденің 4-інен 8-іне дейін Тәуелсіздік даңғылы жол телімінде көлік қозғалысы тоқтатылады

Астана қаласының 15 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өткізуіне байланысты 4 шілдеде 15.00-ден 8 шілдеге дейін Тәуелсіздік даңғылында өлік қозғалысы шектеледі.

Астана қаласының 15 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өткізуіне байланысты 4 шілдеде 15.00-ден 8 шілдеге дейін Тәуелсіздік даңғылында Байтұрсынов көшесінен Жұмекен Нәжімеденов көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жол полициясы басқармасынан мәлім етті.

Жолдың жабылуы белгіленген мерекелік іс-шаралар  кестесіне сәйкес сахналарды құрып, дайындық жұмыстарын жүргізуге байланысты болуда. 

Көлік құралдары, оның ішінде қоғамдық көліктер қозғалысын реттеу мақсатында жол полициясы жүріс бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыс шектелген жол телімін келесі бағдарда айналып өтуді ұсынады.:

- солтүстік-батыс бағытында қозғалған көлік үшін  Тәуелсіздік даңғылы- солға Байтұрсынов көшесіне бұрылу - оңға Обаған көшесіне бұрылу - одан оңға Жұмекен Нәжімеденов көшесіне бұрылу - солға Тәуелсіздік даңғылына - оңға Шәмші Қалдаяқов көшесіне бұрылу;

- оңтүстік шығыс бағытында қозғалған көлік құралы үшін - Шәмші Қалдаяқов көшесіне бұрылып - одан солға Тәуелсіздік даңғылына - оңға Жұмекен Нәжімеденов көшесіне бұрылу - солға Обаған көшесіне - солға Байтұрсынов көшесіне - оңға Тәуелсіздік даңғылына бұрылу.

 «Қазақ Елі» алаңындағы мерекелік іс-шараларға қатысушылар мен келушілердің көлік құралдарын қою тұрағы «Хазірет Сұлтан» мешіті аймағында, ал «Бейбітшілік пен келісім сарайы» аумағында Байтұрсынов және Ж.Нәжімеденов көшесі жағынан және Байтұрсынов көшесінің бойында Обаған көшесінен Сарыжол көшесіне дейінгі аумақта жүзеге асырылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109