1690

Жыл басынан бері апатты жағдайдағы 33 үйдің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілді

Астана қаласы әкімдігінің тозығы жеткен және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобасы жүздеген отбасыға жаңа баспана табуға мүмкіндік берді. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында қарастырылған «Қолжетімді баспана - 2020» жобасы 2017 жылға дейін 228 үйде тұрып жатқан отбасылардың мәселесін шешуге тиіс. Жалпы, негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілері әбден тозған 1940-70 жылдар аралығында салынған үйлер бұзуға жатады. 

Бағдарлама аясында апатты жағдайдағы үйлердің иелері жаңадан салынған тұрғын үй кешендеріне көшіріледі. Жаңа пәтерлердің ауданы бұрынғы пәтерлердің ауданымен бірдей болады. Ескі үйлерді қалпына келтірудің мұндай жүйесі көптеген астаналықтарға жаңа әрі жайлы үй сыйлайтынын айтпағанда, мемлекеттің тұрғын үй құрылысына бөлген қаражатын қайтаруға мүмкіндік береді, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын дамытуға мүмкіндік береді. 

Биыл «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша жаңа үй алғандардың бірі - Бақыт Жансейітова.  

Бақыт Жансейітова, жаңа үйге қоныстанушы:

Біз Сембинов көшесі, 6/3 үйде тұрдық. Суды көшедегі колонкадан тасыдық. Дәретхана далада болды. Ал қазір баспанамызға ризамыз, айтар сөзім жоқ. Ыстық су келіп тұр, үй жылы, жылы емес, ыстық деп айтуға болады. Мен пәтеріме өте ризамын! Оған қолым жеткеніме қуаныштымын. 

Қоныстанушылардың 95%-нан астамы жаңа пәтерлеріне қатысты осындай пікірде. Алайда, жаңа баспананың бұрынғы тозығы жеткен әрі апатты жағдайдағы үйлерге қарағанда әлдеқайда тиімді балама болып табылатынына қарамастан, кейбір адамдар жаңа үйдің орналасқан жеріне (сол жағалау, «Жағалау» ТК ауданы, оң жағалау Қобыланды батыр және Бурабай көшелерінің қиылысы), ауданы бойынша тең, бірақ бөлме санының аз болуымен келіспей, бір пәтердің орнына екі пәтердің берілуін талап етіп, көшуден бас тартуда. Бұл жағдайда қызметінің басым бағыттарының бірі нақ осы жоба болып табылатын Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы сотқа шағымдануға мәжбүр. 

Тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, 2014 жылы апатты жағдайдағы 11 үй бұзылып, 178 отбасы көшірілді. Жыл басынан бері апатты жағдайдағы 33 үйдің 500 астам отбасы орналастырылды. 2015 жылдың аяғына дейін 28 апатты үйдегі 277 отбасы көшірілетін болады. 2017 жылға дейін жалпы, бағдарлама аясында 3519 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.  

Айта кетейік, Астананы 2030 жылға дейін дамытудың бас жоспарына сәйкес жалпы ауданы 37 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. 

Ерлан Жақыпбеков, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС Астана қаласының бас жоспары шеберханасының бастығы:

2030 жылға дейінгі бас жоспарды дамыту бойынша халықтың саны 1 млн. 200 мың адамды құрайды деп ескерілген. Тұрғын үй бойынша бас жоспарда халықты 37 млн. шаршы метр баспанамен қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі кезде қалада шамамен 20 млн. шаршы метр тұрғын үй бар. Яғни, 17 млн. шаршы метр үй салу қажет. Бұдан басқа, халықты Астана қаласының нормативтеріне сәйкес қамтамасыз ету үшін инженерлік және көлік инфрақұрылымын, яғни әлеуметтік нысандарды - балабақшаларды, мектептер мен басқа қажетті нысандарды дамыту көзделген. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109