Ә. Бөкейхан көшесі қозғалыс үшін жабық болады
Ә. Бөкейхан көшесінің Бұқар Жырау көшесі мен Ұлы Дала даңғылы аралығында жатқан учаскесінде асфальтбетондық жабынды төсеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралықта жатқан Ә. Бөкейхан көшесінің учаскесінде асфальтбетондық жабынды төсеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Осыған орай, 23 мамырда сағат 10:00-ден бастап 00:00-ге дейінгі аралықта аталған учаскеде автокөліктердің қозғалысы жабылатын болады.
«Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау мақсатында жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды», - делінген хабарламада.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz