Жауын салдарынан автобустардың бағыттары өзгертілді
25 тамызда сағат 14:00-ден бастап ауа райы салдарынан болған келеңсіздіктерге байланысты Қошқарбаев пен Тәуелсіздік даңғыларының бойында жатқан Б. Момышұлы даңғылында қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу енгізіледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «AstanaLRT» ЖШС-не сілтеме жасап.
№№ 15, 47, 51, 56, 101 бағдарлар бастапқы аялдама нүктесінен Сарайшық көшесі мен Б. Момышұлы даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз жүріп, кейін Қошқарбаев даңғылынан солға Тәуелсіздік даңғылына өтеді, кейін оңға Б. Момышұлы даңғылына бұрылып, өзінің күнделікті бағыты бойынша қозғалатын болады.
Кері бағытта да автобус осы сызбаға сәйкес жүреді.
№ 61 бағдар «№81 мектеп-лицей» бастапқы аялдама нүктесінен Шарль де Голль мен Тоқпанов көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалып, кейін Шарль де Голль көшесінің бойымен солға Тәуелсіздік даңғылына өтеді. Бұдан кейін автобус өзінің күнделікті қозғалыс бағытына сәйкес жүреді.
Кері бағытта да автобус осы сызбаға сәйкес жүреді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz