2320

2017 жылы Астанада кезекте тұрғандарға 259 жаңа пәтер берілді

Кезекте тұрғандар жаңа пәтерлерді «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзал ауданында орналасқан қайтадан салынған тұрғын үйлерден алды, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

-Баспаналарды беру Заңға сәйкес адам кезекке бекітіліп, тұрған күні тәртібінде жүзеге асырылады. Биыл пайдалануға берілген нысандар аясында кезекте тұрғандарға 259 пәтердің кілттері табысталды, - деп хабарлады медиа орталық тілшісіне қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Мира Байсүгірова.

Қоныстойын тойлағандар ішінде 4 ҰОС ардагері, 49 жетім балалар, 66 толық емес отбасы, 1,2 топтағы мүгедек балалар мен мүгедектерді тәрбиелеп, асырап отырған 27 отбасы, 24 көпбалалы жанұя,72 отбасы бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтіндер қатарынан, әскерилер және мемлекеттік қызметкерлер. Баспананы әкімдік жалға, келешекте жекеменшіктеп алу мүмкіндігімен берді. 

-«Тұрғын үй қатынастары» Заңында көрсетілген жеңілдіктер болған жағдайда азамат қайтарымсыз, тегін жекеменшіктеуге құқығы бар. Мысалы бұл, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, Чернобль апатын жоюға қатысқандар, Ауғанстанда әскери әрекеттерге қатысқандар, жарақат алғандар. Сонымен қатар алған баспананы қайтарымсыз жеке меншіктеу құқығына ие бірнеше тұлғалар санаты, - деп түсіндірді М.Байсүгірова.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда Астанада пәтерге мұқтаж жан 46 мыңға жуық адам кезекте тұр. Бұл коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезінде тізімге алынған тұрғындар.

Келесі кезектегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету коммуналдық тұрғын үй қорына пәтерлердің түсуіне байланысты жүзеге асады.

-Тұрғын үйді беру заңға сәйкес адам кезекке тұрған күн тәртібі бойынша бекітіледі. Ол үшін азамат Үкімет - Азаматтар үшін – ХҚО-на кезекке қою туралы өтініш береді. «Тұрғын үй қатынастары» Заңының барлық талаптарына сай келген жағдайда, бұл – иелігінде баспананың болмауы, қандайда бір санаттың болуы, мысалы, көпбалалы отбасы, бюджет қызметкерлері, азамат оған кезек нөмірі берілген соң ғана кезекке қойылады», - дейді Байсүгірова.

Айта кету керек, кезек бойынша пәтер алғандардың толық тізімі Астана қаласы тұрғын үй басқармасының ресми сайтындаwww.uzh.astana.kz «Жаңалықтар» бөлігінде жарияланған.

Бұған дейін 2017 жылдың 7 ай қортындысы бойынша барлық көздер арқылы Астанада 1 миллион 700 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 16 374 пәтер берілген, бұл өткен жыл көрсеткішінен 28% көп. Жыл соңына дейін 2,5 млн. шаршы метр падалануға беруге жоспарлануда. Оның 90% қаланы инфрақұрылымдық қолдау кезінде жеке инвестиция есебінен бой көтермек. Алдағы үш жылда Астанада жыл сайын 2 млн.шаршы метрден кем емес пәтерлерді қолданысқа беру көзделуде.

Соңғы 5 жылда елордада 9 милионнан астам шаршы метр баспана салынды немесе 80-85 мың пәтер 300 мыңдай адамға үлестірілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109