2736

Ескі үйден-жаңадан салынған баспанаға: елордалық отбасылардың бірінің қуанышты сәті

Астанада «Апатты үйлерді сүру» пилоттық жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аясында 1570-тен астам отбасы жаңа баспаналардың кілтіне ие болды. Жыл басынан бері 117 апатты үй тұрғындары қоныстойын тойлады. Негізінен сүрілуге негізгі құрылыс құрастырмалары мен инженерлік жүйесі ескірген, 1940 жылдан 1970 жылдарға дейін салынған үйлер жатады.

Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшілері сүрілген апатты үйлердің иелері қай жерден пәтер алып, қандай жағдайда тұрып жатқандарын алғашқылардың бірі болып көріп қайтты. 

Астана тұрғыны Маржан Мұқанованың жанұясы Астанадағы шағын отбасылық жатақхананың қуықтай бөлмесінде тұрып келді. Тұрғын үй Молдағұлова 19 көшесінде орналасты және қала басшылығының шешімімен сүрілетін үйлер қатарына жатқызылды. Алайда тек биыл бұл сұрақ шешіліп, елорда билігі рұқсат берді. Енді отбасы әкімдік қайтарымсыз негізде берген жаңа пәтерге қоныстанды. 

-Біз бұл туралы естігенде қатты қуандық, сөзбен жеткізе алмаймын. Бұл біздің көптен бергі арманымыз еді. Біздің үй апатты деп танылды, өйткені жағдай мәз болмады. Онда тұру мүмкін емес еді. Су жоқ, подъезд бұзылған, іші сасиды. Одан кейін бізге ескі үйіміз сүрілетінін айтқанда, қуанышымызда шек болмады. Тіпті, әлі күнге жаңа баспанымыз барына сене алмай жүрміз., - деп бөлісті Маржан Мұқанова.

Оның сөзінше, жаңа пәтерге көшетінін естігенде жанұясы ғана емес, туғандары үшін де күтпеген қуаныш болған.

-Бізге қай ауданда және қандай жағдайда баспана берілетіні белгісіз болды. Бірақ біз жаңа пәтер алатынымызға шексіз риза болдық. Алайда әртүрлі әңгімелер де болды. Қаланың шетінен немесе қанаттас қалалардан беріледі деп естідік. Бірақ барлығы біз ойлағандай болмады. Шілдеде бізге департаменттен жаңа үйге қоныстанатынымыз туралы хабарлады, - дейді Маржан. 

Бағдарлама шарттарына сай, Мұқановтар жанұясын жаңа үйге қоныстандырды. Енді олардың тұратын мекен жайы сол жақ жағалаудағы көрікті аудандардың бірі «Жағалау» шағын ауданында орналасқан. Көше қазіргі уақытта Е-16 деп аталады. Мұнда аз уақыт ішінде жаңа тұрғын үй нысандары пайда болды. Енді сүрілетін апатты үйлердің тұрғындары тұрып жатыр. 

Бұл жерде барлық қажетті инфрақұрылым дайын. Жақын жерде мектеп пен балабақша бар, сонымен қатар үй мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандуспен, «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. 

Аулада жаңа ойын алаңдары мен балаларға қажетті құрал-жабдықтар жасалған. Жақын жерде қаланың кез келген нүктесіне баруға болатын автобус аялдамасы бар. 

Жақында тұрғын үй ауласында баскетбол алаңы орнатылды. Жас спортшылар кешкі уақытта осы жерде аула чемпионатын ұйымдастырып тұрады. 

-Біз өте қуаныштымыз. Себебі біздің үйіміз жақсы орналасқан. Дыбыссыз жылжитын лифтілер, абаттандырылған аула барлығы сапалы жасалған. Салушылардың тырысқаны көрініп-ақ тұр. Үйлерді бізге тегін берді. Бар болғаны біз барлық анақтамалық құжаттарды жинадық. Уақытында оларды департаментке тапсырдық, - дейді Маржан Мұқанова.

Пилоттық жоба шарты бойынша, сүрілген үйдің орнына иелеріне жаңа пәтерлер беріледі. Аумағы да «шаршы метр-шаршы метр» есептеледі.

-Біз шынында көбірек алдық. Біздің бөлмелер кішірек болатын. Менің жеке бөлмем 12 шаршы метр ғана болатын. Әрине ас үй мен жуынатын бөлмесіз есептегенде. Онда бізде барлығына бір бөлме болды. Ал мына жерде жайлы барлығы. Біздің 40 шаршы метр, пәтерде барлығы көңілге қонымды. Мен бұл қазіргі уақытта көптеген адамдардың арманы екенін білемін. Оның үстіне елордада, - деп қуанышымен бөлісті Маржан. 

Ескі үйден жаңа заманауи пәтерге көшкен Маржан Мұқанованың бақытты оқиғасы – көптеген отбасыларының бір мысалы. Пилоттық жоба Астанада ТМД елдері арасында алғаш жүзеге асырылуда.

«Апатты үйлерді сүру» пилоттық жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аясында барлығы жыл соңына дейін Астанада 228 апатты үйлерді сүру жоспарланған. Оның басым көпшілігі оңтүстік жағалауда: «Сарыарқа» ауданында – 124 үй, «Алматы» ауданында – 82 және «Есіл» ауданында  22 үй. Жаңа пәтерлерге 3500 елордалық тұрғын қоныстандырылады. Бүгінгі таңда 117 апатты үйдің тұрғындары пәтер кілттеріне ие болды, бұл – 1570 отбасы.

Қалған 111 апатты үй тұрғындарына 2017 жылдың соңына дейін жаңа баспаналарының кілттері беріледі, - барлығы 1850 пәтер.

Астанада 2018 жылдың қаңтар айында «Апатты үйлерді сүру» пилоттық жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылады. Келесі жылы 150 көп  пәтерлі ескі үй сүріледі. Сондай-ақ жалпы көлемі 600 мың шаршы метр 8500 пәтер пайдалануға беріледі.

Текст: Сәкен ЖҮНІСОВ

Фото: Асхат ӘБДІРАХМАНОВ


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109