1680

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары анықталды

«Астана» концерт залында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша екі отбасы – Бимолдин және Лестегі жанұялары өзара бірінші орынды бөлісті. Бимолдиндер 6 бала, 18 немере тәрбиелеп өсірген әскерилер отбасы. Әулеттің әжесі Кенжетай «Күміс алқа» иегері. Ал Лестегі отбасында 10 бала тәрбиеленуде. Олардың әрқайсысы спортта, өнер мен білімде жетістікке жеткен. Маржан Әлиқызы «Алтын белгімен» марапатталған.

-Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын. Шара жастарға үлкен өнеге болады, отбасылық, құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауға, құрметтеуге тәрбиелейді. Рухани құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп келе жатқан жанұяларға ары қарай дамуды, бақ-береке тілеймін, - деді құттықтау сөзінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Байқау Елбасының бастамасымен төртінші жыл қатарынан өтуде. Қатысушылар үш кезеңнен: аудандық, облыстық, республикалық арқылы іріктеледі. Осы жылдың жеңімпаздары қыркүйек айында өтетін республикалық байқауда елорда намысын қорғайды.

-Дәстүрлі түрде біз бүгін «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысын шығарып жатырмыз. Бірінші, екінші, үшінші орын жеңімпаздары марапатталады. Әр орын екі жанұяға беріледі. Бірінші орынды жеңіп алған отбасылар осы жылы қыркүйек айында өтететін республикалық байқауға қатысады. Конкурс ережесінің шартттары бойынша талаптарға сай келетін қатысушылар өтініш береді. Комиссия бір ай ішінде құжаттарды қарайды. Және құпия түрде дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталады, - деді Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Ермекұлы Қаналимов

-Бүгін біз «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып жатырмыз. Шараға қатысуға әжеміз Кенжетай себепкер болды. Ол өткен жылы байқауды теледидар арқылы тамашалады және қатты қатысқысы келді, ал біз қолдадық. Менің ойымша, мұндай конкурстар көп болу керек. Өйткені жастарға тәрбиелік мәні мол. Бірінші орынды жеңіп алғанымызға өте қуаныштымыз, - деп өзінің қуанышымен бірінші орын жеңіп алған жанұяның келіні Әсел Бимолдина бөлісті.

Бірінші орынға лайық деп танылған отбасылар екі адамға шипажайға жолдама алды. Байқаудың қалған қатысушыларына тұрмыстық техника алуға 100 000-150 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109