Астананың денсаулық сақтау қызметкерлері қала көшелерін қалыпқа келтірді
Бүгінгі күннің бұлтты болуына қарамастан,
елордалық денсаулық сақтау мекемесінің 600 қызметкері қала көшелеріне шығып,
жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Аstana.kz сайтына Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік-құқықтық бөлімінің бастығы Айнұр Алназарованың мәлімдеуінше, сенбілікке 611 денсаулық сақтау қызметкері қатысқан. Тағы да 5015 адам өз мекмелері: аурухана, емхана, диспансер, тағы басқа аумағын тазалап, жинауда.
«Бүгін осы айтулы күні дәрігерлер де, бас дәрігерлер де, медицина бикелері де, аурухана, емхана, диспансер, тағы басқа мекемелердің қызметкерлері де көшелерде тазалықты ретке келтіруге шықты. Олардың арасында Денсаулық сақтау басқармасының 32 қызметкері де бар», - деді А.Алназарова.
Елордалық медицина қызметкерлеріне мына учаскелер: Мәскеу көшесі – Республика даңғылы – Бөгенбай даңғылы - Бейбiтшiлiк көшесі бөлініп берілген.
«Бүгін біз қоқыстарды шығарып ағаштарды әктеп, көшелерді сыпырып жатырмыз. Көптеген қызметкерлер түнгі ауысымнан жұмыстан шықса да қабақ шытып жүрген бір жанды кездестірмейсіз. Бәрі де көңілді», - дейді astana.kz сайтына Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының маманы Алтын Жиенбаева.
«Біздің перзентхана тәулік бойы жұмыс істейді. Жұмысты тоқтатуға болмайды. Соған қарамастан біздің тең жарты қызметкерлер бүгін осында жүр, - деді astana.kz сайтына қалалық перзентхананың бас дәрігері Елена Тихомирова.
Ал қалалық жедел жәрдем стансасынан сенбілікке 97 адам шығыпты. «Біз Әуезов, Дүкенұлы, Бейбiтшiлiк және Республика даңғылын жинадық. Біз әр сенбі сайын өзіміздің жедел жәрдем стансасы ғимараты аумағын жинап, тазалап отырамыз. Бүгін барлық қызметкерлер шығып, ұйымшылдық танытып жатыр», - деді astana.kz сайтына стансаның бас дәрігері Жанат Исмаилова.
Ал №2 емхана қызметкерлері өте күрделі аумақты жинап жатыр. «Бүгін олар Республика даңғылынан басқа - Дүкенұлы көшесін және Лесозауыттағы 2 емхана филиалы аумағын, Әлия Молдағұлова көшесін тазалауда. Бұл жерлерде қоқыс жиналып қалыпты, одан кейін ағаштарды әктеп, жол жиектерін ретке келтірдік», - деді astana.kz сайтына 2-ші емхананың бас дәрігері Ләззат Руспекова.
Сондай-ақ, қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің барлық қызметкерлері Астана тұрғындарын тазалықты өз аумағынан бастап, жауапкершілікпен атқаруға шақырады. «Осы аумақта тұратын адамдар да сенбілікке шығып, аумақтарын ретке келтіру керек», - дейді олар.
Еске салайық, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық экологиялық айлығы қалада 10 сәуірден 10 мамыр аралығында өтуде.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz