Сенбілік аясында астананық білім басқармасының қызметкерлері 4 акция өткізді
Бүгін жалпықалалық сенбілік күні қалалық Білім
басқармасы ҰОС ардагерлеріне көшелерді, аула аумақтарын, пәтерлерді жинауға
көмектесу үшін «Қамқорлық» акциясын өткізуде.
«Бүгін біздің студенттер Ұлы Отан соғысына қатысушыларға көмек қолын созады. Олармен кездесіп, қандай көмек керек екенін сұрап білді», - деп хабарлайды astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина.
Сонымен қатар елордалық білім басқармасы қызметкерлері тағы да бірнеше акция өткізді. Әрбір топқа белгілі бір учаскелер бөлініп берілді. Атап айтқанда: орта топ оқушылары (1 - 5 сынып) сыныптарды жинаумен, ал 6-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері өздеріне тиісті орамішілік аумақты тазалаумен айналысады. Аstana.kz сайтына Ә. Бимендинаның айтуынша, бұл акцияның отансүйкіштік сипаты бар. «Мектеп оқушылары ата-аналарына өздері жазған өтінім-хаттарында әрбір аула, әрбір мекеме аумағы мұнтаздай тап-таза болуы қажет делінген. Олай болса, келесі кезектегі акцияның атауы «Біз отбасымызбен таза аулада тұрғанды қалаймыз» болуы тиісті.
«Ең бастысы өз ауласын үйі мен кіреберісін, бөлмесін ұқыпты, таза ұстауды барлығы қолдайды. Бұл түптеп келгенде, ұқыптылыққа үйретеді. Егер әр баланың тұрған жері, жүрген жері таза болса, оның жандүниесі де таза болып қалыптасады. Біздің қаламызға шеттен қонақтар көп келеді. Тазалық тек олар үшін ғана емес, ең бірінші өзіміз үшін керек қой. Біз осы тұрғыда елораданың тазалығына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз», - деді А.Бимендина.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz